17.08.2022
163
Түс көремін...
Сырт көзге жүйрік аттай тарпаңдаймын.
Ал кейде паң адамша талтаңдаймын.
Ал кейде тырбаңдаймын тасбақаша,
Тағдырдың тауқыметін тарта алмаймын.
Ал кейде, пана болар қалқандаймын.
Ал кейде сауға сұрап жалтаңдаймын.
Ал кейде бұйымтайым болса дағы,
Айтатын жерде арыз, айта алмаймын.
Арпалысып ойыммен, сезімменен.
Түндер де өтіп жатыр көз ілмеген.
Кейде мен жан адамға жуымаймын,
Арпалысып ойыммен, өзімменен.
Түнде мені тербейді ғұмыр бесік.
Келемін біртүрлілеу ғұмыр кешіп.
Жеткізбеген арманым елес беріп,
Өз-өзіммен сөйлесіп, күбірлесіп.
Ал кейде ашу қысып тістенемін.
Шоқып, тауып жүр ғой-деп, құс керегін.
Ал сосын шаршап жатып, қалғып кетем,
Ғажайып түс көремін...