17.08.2022
133
Ер мінезді әкем-ай
Боркемік болсаң жылап жүр,
Белбеуің бос па?
Құлап жүр,
Дейсің бе осы тірлігің,
Өзіңе, маған ұнап жүр?
Асылы деп ем, ұлдың да,
Жылауық ұлды тудым ба?
Түр-түрін талай ішкенмін,
Сіміріп талай удың да.
Осылай түстің енгені,
Құдайдың тоба бергені.
Жыламауға серт берем,
Жүргенде қолдап, сен мені.