17.08.2022
  111


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қасың мен қабағыңнан...

Қасың мен қабағыңнан,
Ұғады, есті - дейді.
Сезімнің адамымын,
Ішкі ойым кескілейді.
Айқайлап әуре болма,
Есітпес естімейді.
Ұқпасқа дәлелдеме,
Жоспарын құрып қойған,
Құлағын әр біреуге,
Антендей бұрып қойған,
Адамды жиһаз көрер,
Әрбірін сырып қойған.
Жағынып жүгіреді,
Күні-түн көрмей тыным.
Паң көңіл,
Пасық сезім,
Жаныңа бермей тыным.
Жазғырып кінәлама,
Жетекке ере алмаймын,
Сол үшін ермейтінмін.





Пікір жазу