17.08.2022
  152


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Әке жаным...

Әке жаным,
Телефонда тілің жоқ.
Звондармын ар жағында үнің жоқ.
Тау тұлға едің,
Сырымды да бөлісер,
Бүгін халім алай-дүлей, тыным жоқ.
Ех дүние-ай,
Баз көңілім не етерсің,
Сағынышпен, өкінішпен өтерсің.
Өлең-жырмен өшпес мұра қалдырам,
Алла менің көңілімді көтерсін.
Күреседі балуан қалай білексіз?
Ер жетпейді арманына тілексіз.
Ақ батаңды алып қалған ұл едім,
Жүрегімнің ішіндегі жүрексіз.
Тілекшім-ай,
Қамқоршым ең, қорғаным.
Топ ішінде биік тұрдың оғланым.
Ұлым менен оза туса деуші едің,
Қалар едім ұлым сіздей болғанын.
Тал бесікте тербеліп бір жатасың,
Сәт келгенде күн де бір күн батасың.
Қанат деген текті есімді жоғалтпай,
Ел халқымның алса деймін батасын.





Пікір жазу