17.08.2022
204
Құрбан мейрам
Өлеңнің сәті келді, орайы шын.
Үйіңе періште боп қонайыншы.
Жұмсағанда жүгірер жанын салып,
Мен сізге жақсы бауыр болайыншы.
Жаным аман,
Ал малым құрбан бүгін.
Алладан рахым түсіп нұрланды күн.
Бәлекет өз жөнімен кетсе екен - деп,
Қабыл болсын шалынған құрбандығың.
Көктем гүлдің қауызы, шық тамады.
Дұшпан көп, жерімізге сұқтанады.
Адамға мейір менен пейіл керек,
Сол ғана,
Бар бәледен құтқарады.