17.08.2022
110
Ар соты
Өткеннің тарихын неліктен ақтара бересің?
Қолымнан келгенше, ардан да аттаған емеспін.
Әділсіз болса бауырым,
Мен оны жақтаған емеспін.
Ал сен неге, неліктен мақтана бересің?
Өмірдің жолы ақ, қара дегесін,
Ақ-қара жолақ, жүріп көр, көресің.
Өлеңнің құны, жаныңның сыры,
Ақтара бересің,
Ақтара бересің.
Бойымда мақұрым,
Өшпенді тірлік те.
Жауменен жағаласпай жүр, досыңмен күлімде,
Адассам мүмкін, ол тағдырым шығар,
Жол тапсам жақсы,
Көппенен жүріп те.
Бәймәлім тірлік,
Беймәлім ғалам.
Көзімнің жасын сығып та алам.
Жалған өмірде не нәрсе керек?
Болмаса деймін тірлігім қараң,
Сол мансап деген,
Керек пе маған?
Керек пе саған?