17.08.2022
  93


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жолағым келмейді саясатқа...

Жолағым келмейді саясатқа,
Сайқалды құшып жатқандай болам,
Оларды қанша аясақ та,
Күнәға бірге батқандай адам.
Арасында оның азаматтары бар,
Елім - дегенде тұра келетін,
Міне шабатын «Қазанаттары» бар,
«Құлагер ғұмыр», құлап өлетін.
Сыбайлас тірлік, жол тауып озғандар.
Адам да пенде, ол да бір ғарып.
Шоқ жұлдыз, тарлан, дарабоздар бар,
Өз отына кеткен бір жанып.
Тарам-тарам тамыр сияқты,
Тамырлас ел ғой, пәрмен де беретін.
Сорпаға салған қамыр сияқты,
Жайылып түсіп, бәріне көнесің.





Пікір жазу