17.08.2022
  78


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Таудамын...

Таудамын,
демеші қай тауда?
Жатырмын дем алып жайлауда,
Саумалын ішемін биенің,
Ал оның құлыны байлауда.
Құшағың алады елітіп.
Тынысты таза ауа кеңітіп.
Туған жер сағынып келіп ем,
Жүректі жібердің ерітіп.
Құштым-ау, құмартып қыр гүлін,
Ұйқымнан оятты бұлбұлың.
Туған жер сен неткен асыл ең,
Жұмаққа бермейтін бұл күнім.
Аңсады-ау ұлың да анасын,
Амал жоқ, әттең-ай, шарасыз.
Балалық шағымды ұрлап ап,
Ей тағдыр,
Сен қайда барасың?!





Пікір жазу