Қазағымның үні сенсің домбыра
Бабалардан келген дүние, мол мұра.
Байтақ өлке, бізге қалған ол мына.
Елдің рухын асқақтатар киелім,
Қазағымның үні сенсің домбыра.
Шаң қобызда қыранымның шаңқылы,
Қыл қобызда қазағымның зар мұңы.
Шыңғысхан да Жошы ұлын жоқтаған,
Домбыраның сырлы үні арқылы.
Киелі ғой, кие қонған домбыра,
Құрманғазы, сыйлап кеткен мол мұрам,
Нұрғиса да домбыраның үнімен,
Қос аққуды айдын көлге қондырған.
Кім білмейді шәкірт апа Динаны.
Бойда жатқан алапат күш қинады,
Ұстазың да шәкіртсіз тұл деген бар,
Дина апамның жетті бізге жиғаны.
Махамбет ше, Жәңгір ханды басқа ұрып.
Домбырамен хан нөкерін састырып.
Исатайдың рухы көкке ұшқан соң,
Жан бауыры өлтірді ғой, қас қылып.
Ұғынсаңыз адамзатта ие бар.
Қара жүкті көтереді түйе, нар.
Домбыраның күмбірінде дұға бар,
Домбыраның дауысында кие бар.