meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.08.2022
  168


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Фотограф ініме

Әртүрлі ғой адамда кейде талғам,
Обективпен, дәлдікпен бейне салған.
Өмірдің тамаша бір көрінісін,
Шынайы фотоменен сөйлете алған.
Тән қасиет қазақтың баласына,
Осылай демалайық арасында.
Балық аулау бұйырған бақыт шығар,
Қазақтың Нұрсұлтандай қаласында.
Кесел кетіп, күн туар шұғылалы.
Бүгінше үйлеріне тығылады.
Адамды ерекше еткен Алла, Құдай,
Түбінде асылдығын ұғынады.





Пікір жазу