17.08.2022
  140


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тыныштықбек ақын ағама

Тыныш аға тыныш жүре алмайды.
Өткені ол,
Бағамдайды бар жайды.
Жекесіне шығып халін сұрасаң,
Жанұяңа сәлемін де арнайды.
Өзі де оның, жыры да оның тұңғиық.
Тұңғиықтың тереңіне сүңгиік.
Ақберендей ақыл сұрап ағадан,
Жүрмейікші бір суынып, бір күйіп.
Аға жыры,
Ақ пейілі-ай жеңгемнің.
Мен де Сіздей жырдың сүтін емгенмін.
Бұрын осы қай әлемде жүрдім мен?
Шайыр ғалам,
Ортаңа кеп өзгердім.
Құтты болсын асыл аға жасыңыз.
Таусылмасын алдыңызда асыңыз.
Халқыңыздың құрметіне бөленіп,
Жайнап жүріп жүзден әрі асыңыз.





Пікір жазу