17.08.2022
  135


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өмір ай

Өмір ай, бұл өмірден бәрі де өтер,
Жас та өтер, орта буын, кәрі де өтер.
Біреуі құлшылық қып, бірі сенбей,
Түсінгенге бұл жалған, бәрі бекер.
Халқым-ау, әр нерсеге иланасың,
Тығып жейтін күн бе еді жиған асын?
Жан айқайың ішіңнен шығып жатыр,
Індет келіп жаныңды қинағасын.
Алсаңшы көк бөрідей сілкініп бір,
Тасада шибөрілер ұмтылып тұр.
Самғайтын, шарықтайтын күні келер,
Жарты әлемді билеген бұл Түріктің.
Түсінем, ұғынамын хал жайыңды.
Қорықсаң әжең басар таңдайыңды.
Оба, шешек зауалдан аман қалған,
Күн сүйген халықсың ғой маңдайыңды.
Жетер, жетер халқымды жасытқаның,
Шәй орнына, жылаған жас ұрттадым.
Бұл дүниенің қызығын көрмей жатып,
О дүниеге қалғаның асықпағын.





Пікір жазу