17.08.2022
366
Қожанасыр мен оқытушы
Қожанасыр мектепте оқып жүрген кезінде оқытушысы:
- Қожанасыр, күн неше сағат? – деп сұрапты.
- Бүгін күн жиырма бес сағат болса керек, – депті Қожа.
- Жиырма төрт сағат емес пе? – деп жекіріпті оқытушы сонда.
- Кеше «күн енді бір сағатқа ұзарады» дегеніңіз қайда, тақсыр!
- депті оған Қожа.