meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.08.2022
  13577


Автор: Айткүл Сәулебаева

Қасқыр мен түлкі

Қасқыр мен түлкі келе жатып бір жартастың үстіне шығады, қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр:
– Түлкім-ау, неге ішің тартасың? – дейді. Түлкі:
– Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа екі рет келдім. Сенің әкеңнің ерлігіне сондай сүйсіндім, осы жартастан әкең баяғыда секіріп еді, баласы әкесіндей секіре алады дейсіз бе, – дейді. Қасқыр оған сеніп «мені де сынап көрші, секірейін», – деп жартасқа үш келіп, үш рет қайтады. Түлкі сақылдап күледі. Қасқыр сұрайды:
– Неге күлдің? – деп. Түлкі:
– Атаңа тартқаныңа күлемін, дәл сен сияқты үш келіп, үш кетіп, төртіншіде секіріп еді, – дейді. Түлкіге сеніп, төртіншіде жартастан секіргенде қасқыр байғұстың құлап түсіп, белі сынады. Досының құлағанын көріп, түлкі артынан келіп, көтеншегін суырып алып, мырс етіп күледі. Қасқыр:
– Неге күлдің, түлкім? – дейді. Түлкі:
– О, ақымақ! Баяғыда әкеңді де мақтап-мақтап секіртіп, көтеншегін суырып жепем, – дейді.





Комментарии

Раяна
Раяна 11.06.2023 12:32
Құмырсқа мен шегіртке
Nazerke
Nazerke 01.05.2023 10:42
Қызық
Аяна
Аяна 02.04.2023 17:18
?
27.03.2023 10:47
МАҒАН ҰНАДЫ КҮШТІ
Еркежан
Еркежан 18.03.2023 21:06
Өте нашар
Айша
Айша 13.02.2023 23:14
Күшті

Пікір жазу