17.08.2022
  4742


Автор: Айткүл Сәулебаева

Түлкі мен құмыра

Бір әйел далаға егін ора келіп, құмырасын сүтімен шөптің арасына тығып қояды, бұны түлкі көреді де жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.


Түлкі:


– Әу, құмыра! Біраз ойнадың жетер, жібер менің басымды? – дейді.


Қалай жұлқынса да басын шығара алмады. Түлкі ашуланып, қап бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қалмасаң, сені суға батырармын деп жүгіріп келіп, өзенге құмырамен өзі де бірге батып кетіпті.





Комментарии

Түлкі
Түлкі 23.01.2023 16:49
Шығарған адам молодец күшті
Хадиша
Хадиша 08.12.2022 11:31
Мәтін жақсы но слишком қыска

Пікір жазу