16.08.2022
  277


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жарқын болашаққа

(Тәжтажал нені үйреттті)
Нені білдік, ұғындық бүгінде біз?
Не өзгерді санамда бүгін деңіз.
Бостандықтың қадірін түсіндірді,
Бәрін жеңіп шығармыз түбінде біз.
Бұл індет, жеңе алмайды жан алып та,
Күресерміз үйлерде қамалып та,
Құдайдың ұлылығын мойындадық,
Індет жайын білгенде жаңалықтан.
Ақылды, сырлы мінез патшамыз бар.
Ағайындар тәртіпті сақтаңыздар.
Мемлекеттің жәрдемі, шүкір дейік,
Әйтеуір азды көпті ақшамыз бар.
Ұйқысыз талай күндер, ақ таң атты.
Жандарға алғыс айтып ақ халатты,
Әй қойшы,
Бәрі өтірік саясат-деп,
Жалғанға шығармайық ақпаратты.
Мұғалім құрметті еді бұрын, білдей.
Кейінгі ұрпақ кеткенбіз, құнын білмей.
Қадірін мұғалімнің ұқты бәрі,
Баласының жүргендер сырын білмей.
Жауынгер де ұлың ғой, автоматты.
Дәрігер де бауырың ақ халатты.
Журналист те жақының шапқылаған,
Күні-түні таратып ақпаратты.


Не үйретті бұл тажал, ұғындырды?
Мұғалімнің кім солай құнын білді?
Сауаттымыз өйткені ұстазымыз,
Сабап тұрып оқытқан бұрын бізді.
Ең бастысы түсінік, ұғым керек.
Содан соң білім керек, ғылым керек.
Ит те тауып жейді ғой бір тамағын,
Адами тәрбиемен құның бөлек.
Иман керек астасқан сыйың-сыйға,
Бегін сыйла, еліңнің биін сыйла.
Ұлы түркі жұртының отанында,
Ұмытпа, өмір сүрген Ибин Сина.
Зауыт керек, фабрика, өнім керек.
Соған меңзеп келеді өмір-дерек.
Әншілер де өлеңін жырлай берсін,
Халқыма көтеріңкі көңіл керек.
Ол да керек,
Өштеспе, ақың бар ма?
Елдің сөзін айтатын ақындар да.
Музыкант та, әнші де бәрі керек,
Ел қорғайтын білекті батырлар да.
Бақытқа жетерміз-ау бір күні, біз.
Түзелер тәй-тәй басқан тірлігіміз.
Халқым саған ризамын, басымды ием,
Нығайып келе жатыр бірлігіміз.





Пікір жазу