16.08.2022
136
Бақта бұлбұл сайрады
Бұлбұл құс-ау,
Паналаған өрікті,
Мен өскен жұрт,
Неткен едің, көрікті.
Әншілерге бұйырмаған ырғағың,
Жүрегімді шымырлатты, ерітті.
Індет пе екен, жұға ма екен ол жанға?
Қоржыныңда кетпесе екен олжаң да.
Ауылыма тартып кеткім келеді,
Соңғы үміттің соңғы гүлі солғанда.
Бұлбұл жүрек саған беріп ерікті,
Елге неге ерте бастан келіпті?
Ақындарға бұйырмаған поэзия,
Бұлбұл құстың дауысымен елітті.
Сайрап жүрген әнші құс па орманда?
Бақыт құсым бұлбұл болып қонған ба?
Бар қазақтың отбасына құт келіп,
Бұлбұл сайрап жүрсе екен сол маңда.
Көптеп берші,
Елім-жұртым пітірді.
Қашырмайды, сонда тажал құтымды,
Сақтанғанды сақтаймын ғой, дейді Алла,
Таж тажал-ау, қашырмашы құтымды.