16.08.2022
  128


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мұхтар Мағауинге

Көпірер бәрі,
Мұхтарды танып көргендей.
Есікті қақпай кіретін жан көп, өңмендей,
«Пенде ғой ол деп,
Теңге ғой қол деп» ұмтылып,
Оқымай мұңын,
Оқымай сырын, ол мендей.
Пушкинді оқып,
Дюманы оқып көрмепті.
Балақтағы бит те, ар басыңа аға, өрлепті.
Дантесті жүрміз ар сотыменен соттап-ау,
Мұхтарды көрсем,
Пушкинді қайта көрмек кім?
Толағай заман,
Бірінен жүр ғой, бірі асып,
Тірлігі күмән, күнәсі алуан ұласып.
Қазақтың мына тірлігін күйбің көргенде,
Кеткім де келер,
Материк пе әлде,
Қыр асып.
Мағауин аға,
Сәлем айт менен Дюмаға,
Өтірік-өсек шындықтың тілін тия ма?
Әділдік болса,
Кәмілдік болар еді деп,
Ойлаймын соны жиі аға.


Ел тыныш болса, айтыңдар кімдер кетеді?
Алауыз жандар,
Әлемде көп қой, жетеді.
Қулар да өзге қас жауды таппай қалғандай,
Жазушы жанды қуалап айтшы, не етеді?
Мекені еді, жайлаған қалың үндістер.
Үндіс те бізден кеткен ғой дейді білгіштер.
Тарихтың күні шырылдап бір күн туғанда,
Не қылар екен,
Ұялмас па екен күлгіштер?
Жырымды ұққан,
Сырымды ұққан ағайын.
Шырылдап шыққан шындықтан моншақ тағайын.
Мұхитты кешіп келмес-ау бізге ер Мұхтар,
Шығармаң жетер,
Шығармаң келер, Мағауин.





Пікір жазу