Өмір бар мүмкін әлі
Үміт барда, өмір бар мүмкін әлі.
Дүрсілдейді, жүрегім бұлқынады.
Бес күндік өмірі бар, сен түгілі,
Өлмейін деп, гүл күнге ұмтылады.
Бәрі де уақытша, жалған деме.
Адамды үрей құшып алған неге?
Алла да әмір беріп «Нұқты» жұмсап,
Қазығұртта аман-сау қалған кеме.
Тіріміз,
Өлемін деп ұмтылмаңдар.
Уақытша пәлекет құлқынды алдар.
Тәртіп бар,
Тәрбие бар есің қайда?
Карантинде құлшынып бұлқынбаңдар.
Кеудемде ерек сезім бұлқынады.
Бұл күн де ғайып болар мүмкін әлі.
«Безгек» пен «Оба» ауыруын жеңген едік,
Бұл індет те көп өтпей ұмтылады.
Ұмытпағын, еске алып тәңіріңді.
Күн тумасын қазаққа, тағы мұңды,
Қолдан жасап алғандар бәлекетін,
Алып кетсін,
Берші Алла әміріңді. Өмір бар мүмкін әлі.
Үміт барда, өмір бар мүмкін әлі.
Дүрсілдейді, жүрегім бұлқынады.
Бес күндік өмірі бар, сен түгілі,
Өлмейін деп, гүл күнге ұмтылады.
Бәрі де уақытша, жалған деме.
Адамды үрей құшып алған неге?
Алла да әмір беріп «Нұқты» жұмсап,
Қазығұртта аман-сау қалған кеме.
Тіріміз,
Өлемін деп ұмтылмаңдар.
Уақытша пәлекет құлқынды алдар.
Тәртіп бар,
Тәрбие бар есің қайда?
Карантинде құлшынып бұлқынбаңдар.
Кеудемде ерек сезім бұлқынады.
Бұл күн де ғайып болар мүмкін әлі.
«Безгек» пен «Оба» ауыруын жеңген едік,
Бұл індет те көп өтпей ұмтылады.
Ұмытпағын, еске алып тәңіріңді.
Күн тумасын қазаққа, тағы мұңды,
Қолдан жасап алғандар бәлекетін,
Алып кетсін,
Берші Алла әміріңді.