meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.08.2022
  138


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Түс оңалмай- іс оңалмас

Бей-жай күйде оянамын, кей күн мен,
Несібемді шашпай жұртқа жейтін бе ем?
Ұлы адамдар үйге кіріп келеді,
Ұяламын мына жүрген кейпімнен.
Ұяламын,
Зыр жүгіріп тұрамын.
Дастарқан ба,
Жайып қойып сыңарым,
Үйге кіріп, аяқтарын шешкен сәт,
Түсім ғайып,
Мен ұйқыдан тұрамын.
Іс оңалмас,
Аян бермей түсіңде.
Абыройың асқақ болса, түсірме.
Құдайым да тура жолды меңзеп жүр,
Қабыл болсын түсің де.





Пікір жазу