16.08.2022
237
Фатима әпкеге
Қараша күзде қалықтап келген,
Қараша қаздың балапаны едің,
Өмір тылсымын айшықтап берген,
Гүлге оранған қараша бегім.
Осы бір өлең оралып көктен,
Туған күніңде ақ тілек айтып,
Ақ жауын тілек бүркіп бір өтсе,
Қалады шіркін көңілің байып.
Қараша күзде толған бір айдай,
Жүзіңіз нұрлы, шуағы жаздың,
Ұшасыз қалқып құс қанат талмай,
Балапанындай қараша қаздың.
Жүрекпен жүрек үндесіп тұрып,
Серттесіп жүрміз достықты ұғын.
Шаршатты мені күндестік тірлік,
Риясыз тілек тілеймін бүгін.
Балапан қаздай жүрегі нәзік,
Айдын шалқарда жүретін жүзіп,
Жырыма орап берейін қазып,
Жаныма жақын бір гүлді үзіп.