16.08.2022
  141


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қамшы сый

Туған күнім болды кеше аншлаг,
Бокалдардан шампан ақты тамшылап.
Бір құрдасым керемет сый жасады,
Жүр дегендей шабытыңды қамшылап.
Қолда қамшы,
Ойын айтқан түйіндеп,
Қамшы ұстаған батырлар да, биің де.
Керегеге іліп қойсаң қамшыны,
Жын-ібіліс кірмейді екен үйіңе.
Бұл сыйлықты қалап тұрдым бағалап.
Тереңіне ой жібердім шамалап.
Қамшы ұстайтын ұрпағымның рухы деп,
Қақ төріме іліп қойдым,
Аманат.





Пікір жазу