16.08.2022
  118


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өмір солай

Өмір осы,
Қас-қағым сәт өте тым,
Кірпік қағып қалғаныңша өтетін.
Пайымыңды өлеңменен арнай бер,
Хатың осы ұрпағыңа жететін.
Шабыт күйді, қанат жырға естіріп.
Түсінгенге жыр жазу да естілік.
Түн қойнына еніп кетіп өлеңмен,
Мен де жүрмін, кештеу жатып, кеш тұрып.
Пейілімнің ақ екенін Құдайға,
Жүрген жанмын өлеңіммен естіріп.





Пікір жазу