Ақылес баламның туған күніне
Кім жек көрер, бөлектейді баласын,
Алаламай бізді өсірген анашым.
Ұлдарымның ішіндегі жауһарым,
Бір ұлым бар, өзі сондай жанашыр.
Балапаным,
Таудай сенің талабың.
Ұйықтап жатқан жүзіңе бір қарадым.
Қу тіршілік,
Шаршап келіп ұйықтасам,
Осы ұлым тек, маған көрпе жабатын.
Оянып ап, ет жүрегім елжіреп,
Сұрап жүрем түсімде кім келді, деп.
Ақ періштем жүр екен ғой үйімде,
Әке сыйлап, тана көзі мөлдіреп.
Онға толып жатса дағы еркешім,
Қартайғанда, кімді қалай ертесің?!
Бауырыңа қамқор бала боларсың,
Әкесінің жауып жүрген көрпесін.
Дастарқанда тұрса дағы сан тағам.
Әке сыйлап көрмей жүр ғой қанша адам.
Әке жеші, деп ұсынып бересің,
Құшақтайсың,
Елжірейсің шаршасам.
Тықпалайсың алға тосып тағамды.
Сенсіз ботам, тіршілігім қараңғы.
Басқалары ренжімес, түсінер,
Жақы көрем, өзіме ұқсар баламды.
Ақтөбеге қонақ боп кеп анашым,
О дүние-ай,
Жылжып-жылжып барасың.
Жаңа жылда ота болған апамның,
Тілегінен жаратылған баласың.
Тілегімді Алла беріп, көптеген.
Сол күнім-ай,
Көздің жасы кеппеген.
Ата-анасын ойламаған жандарды,
Атамаңдар, мен оларды жек көрем.
Он жас өмір,
Балапаным өсіпті.
Бойы тапал, неге бұлай кешікті?
Кенжемін деп ойламасын, анасы,
Тербетемін деп жүргендей бесікті.
Сезімменен жазу керек әр әнді.
Жақсы өлең де көтереді бағаңды.
Алтынымның туған күні екен ғой,
Құттықтап бір қояйыншы баламды.