15.08.2022
  215


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Түн келгенде

Түн келгенде түнеріп, тамұқтайын.
Қиялмен көкті шарлап, қалықтаймын.
Күндізгі күйбің тірлік шаршатса да,
Түн ауғанда шабытым шарықтайды.
Түн тыныш,
Қалғып жатыр, ұғысар ем.
Талықсып демігеді тынысы әрең,
Жүрегіңе тыныштық әкелетін,
Бұл неткен, үнсіз жатқан тыныш әлем?
Түн ауасы кеңейтіп тынысымды.
Бабалардың жасаған дүр ісі үлгі.
Даналардың тәмсілін ақтарамын,
Жыр тыңдаймын қандырып құрышымды.
Әулиелер дем берсін киелерің,
Күбірлесем ерніме тиеді ерін.
Сынақтан сүріндірмей алып шығар,
Қолдаушым,
Тәңір ғана сүйенерім.
Орындалар күн туар, ақ тілегім
Ішімде бір үзік жыр жатты менің.
Елімнің ақ бесігі түзелсін деп,
Халқыма бір Алладан бақ тіледім.





Пікір жазу