15.08.2022
  175


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қазағыңа қорған болсын әруағың

Жаңсақ сөйлеп адасармын мүмкін мен,
Алысармын ұятыммен, құлқынмен.
Қазақпын мен,
Досқа жайған құшағын,
Жүрегім де, тілегім де ұлтыммен.
Демеймін-ау ағайынға ұнайын.
Жар бола көр,
Төбемде тұр Құдайым.
Арыс жанды тірілтсе егер өлеңім,
Жалбарынып Құдайымнан сұрайын.
Дәмі үзілді,
Демі бітті, қайтпайды.
Ұмтылады үйреншікті жайттай бір.
Қысым көріп, салмақ түсті жүрекке,
Мұның сырын неге жұртқа айтпайды?
Айтпаса да қалың жұртым біледі.
Бұның да бір, табылар ма бір емі?
Ұрпағы үшін жанын берген арысым,
Қазағым деп тоқтады ғой жүрегі.
Қу жүйе ме,
Індеткен бе бой алып?
Желтоқсанда қалдық қанға боялып,
Сан ғасырлар қалғып кеткен қазағым,
Келе жатыр,
Келе жатыр оянып.
Ұрпағыңды жебеп жүрсін аруағың.
Бұқараң бар, үйлестірер қалғанын.
Мәшһүр айтқан жақсы күндер келсе екен,
Осы менің,
Осы менің арманым.


Ақынсың сен,
Жыр жазатын қарымды.
Пенделіктен биік қойған арыңды.
Залым болсаң жегідей жеп жаныңды,
Жоғалтарсың қолыңдағы барыңды.
Арым менің, абыройым беделім.
Арды сақтап,
Барды сақтап келемін.
Уа Тəңірім,
Адастырма жолымнан,
Қиналғанда медет берер өлеңім.
Сан мың мəрте сындырсаң да сағымды.
О Құдайым, алсаңдағы малымды.
Биіктерге жетелеші, қорғашы,
Арым үшін садаға етем жанымды.





Пікір жазу