15.08.2022
  386


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Анаға арнау

Көңілде мына сән құрып көктем,
Маңдайды майда самал жел өпкен.
Анашым мені жыр бесікке бөлеп,
Өлеңге орап, құндақтап кеткен.
Тағдыр тауқымет тоқтамай сынап.
Тұрып кетемін жатсам да құлап.
Пейіште нұрың шалқысын апа,
Алладан жүрмін күн сайын сұрап.
Алладан тілеп, күн сайын сұрап,
Аңсайды ұлың, келмейсің бірақ.
Сағынған кезде өлеңімді арнап,
Көрсетпей ғана аламын жылап.
Бәйгеге қосқан өсіріп, баптап,
Бір белес асты кенже ұлың аттап.
Жарық дүние сыйлаған бұл күн,
Басыңдағы апа, ормалдай аппақ.
Тағдыр жебесі жатса да тиіп.
Тіз бүкпедім, басымды иіп.
Медет беретін Құдайым барда,
Әкем тұрғанда тұғыры биік.
Қуанып тұрдым,
Қуандым бүгін.
Қырық үш жастан аттады ұлың.
Өлеңнің асау тұлпарына мініп,
Жырлады жырын,
Жырлады Ұлың.
Қырық үш көктем бұйырсын деумен,
Қуанды ұлың,
Қуанды бүгін.





Пікір жазу