15.08.2022
  237


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мерекеңмен құттықтайын, анашым

Өтей алмай жүреміз-ау қарызын,
Бір адам бар,
Ана деген жаны үлгі,
Құрмет тұту сол кісіні, парызың,
Құшақ-құшақ гүл сыйлайтын кәдімгі.
Көктем ғұмыр,
Айналаның бәрі ізгі.
Сағынышым жүрегімді тербейді.
Анам кіріп келетіндей тәрізді,
Әттең бірақ білемін ғой келмейді.
Кейде жүрмін өз ойымнан тосылып,
Өлең жырым жан-жарамды емдейді.
Бар кезінде құрметтейік, осыны ұқ,
Кеткен жандар келмейді.
Тағзым етіп аруағыңа жүрейік.
Жаз мезгілде кесенеңе гүл егіп,
Бар кезінде шын қадірін білейік,
Өксігім де тамаққа тұр тіреліп.





Пікір жазу