15.08.2022
  115


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Е, Алла

Жіберші иман қылар бір еміңді,
Е Алла, иманды етші жүрегімді.
Дүние боқ,
Ойлаңдаршы ей адамдар,
Қабірге ақ матамен кіреріңді.
Маңдайда жиырылып қыртысың тұр.
Айғақтап ашуың мен қырқысыңды.
Жұрттар алып тарқасар, көңіл айтып,
Өлгенде тарататын жыртысыңды.
Тірлігіңде байлыққа ұмтыласың.
Адамның пейілінен, құлқы басым.
Қарайып қара жерге кіргеннен соң,
Бәрінің көкейінен ұмытыласың.





Пікір жазу