15.08.2022
  85


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Асқар тауым

Анама алғыс, ақ сүтін емгеніме,
Құрсағынан өмірге келгеніме.
Әкеме алғыс айтам өлгенімше,
Ұлағатты тәрбие бергеніңе.
Жанашырым, жандарым, асылдарым.
Жайнаған жақұт гүлім, жасыл бағым.
Мұңайып ұйықтап кетсем түсіме еніп,
Балам-ау дейсің әке, қасыңдамын.
Сағыныш,
Ойға батам қара-ала күз.
Қарыз ек, қамқор едік анаға біз.
Жырыңды жырлап жүрген ұрпағың бар,
Біз өлсек артымызда қалады аңыз.
Тектім-ау, ардақтым-ау, асыл арым.
Жан әкем әр сөзіңе бас ұрамын.
Жетімнің жары құдай екен-ау деп,
Жасымды жанарыма жасырамын.





Пікір жазу