15.08.2022
92
Тағдыр
Кім білер,
Кім күтеді өлімді алдан.
Адам өтті, артында өмір қалған.
Бір арыс жүгіреді, жүректе мұң,
Бірге шауып барады өмір жалған.
Дүние жалған,
Қайырылып бір қарады.
Өмір жайлы кітап көп, мың парағы.
Әрбір жанның өмірі том-том тарих,
Ашылмаған томдар бар, бір парағы.
Билеп алған жүректі, сана жатыр.
Бағың балаң, таң да атар, қара да тұр.
Қайғыны жеңемін деп, құралайым,
Өмірге құлшынып бір бара жатыр.