meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.08.2022
  125


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Әкеме

Қазанат тағдыр,
Ұлы Көш көшер атсыз да.
Басыма қонар кезегі қашан бақтың да?
Жапанда жалғыз қалмасын дедім, молаңыз,
"Мыңшейті әулие",
Пірлерді құшып жатасыз ба?
Сынай ма тағдыр,
Жас келді көзге еріксіз,
Шаңырақ қараң,
өзіңсіз әке көріксіз.
Жұмақтың кілтін қолыңа ұстап кетіп ең,
Түсіме еніп,
Түсімде кіріп келіпсіз.
Батаңды беріп,
Бақ тілеп кеттің ардағым.
Сынақты күнің,
Сынағы сол деп, Алланың,
Сен кеттің әке,
Ал ұлың әлі жырақ жүр,
Ауылды аңсап,
Бауырды аңсап бармадым.
Тағдыр ма әлде?
Өмірге балаң өкпелі.
Алдамшы көктем,
бүршігін жарып көктеді.
Жердегі жаннан жанына жылу таба алмай,
Құдайдан ғана мейірім сұрар көктегі.


Білемін бірақ, менің де келер кезегім.
Әруағың қолдап жүр әке, оны сеземін.
Томаға киген бүркіттей халім әттең-ай,
Өртеніп жүр-ау,
Өртеніп жүр-ау өзегім.
Құдайдан сұрап,
Алладан сұрап көктегі,
Қанағат деймін, тілегім менің көп пе еді?
Адалдық атым,
Адамдық атым қалса екен,
Әттең- ай жалған,
Әттең-ай өмір, өтпелі.





Пікір жазу