15.08.2022
  117


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Анашыма

Аналар қайда бүгін, ісі бөлек.
Анашым аруақты екен, түсіме енед(і).
Көрші әжем үйге келіп айтушы еді,
Қисайып алайын-деп, кішкене деп.
Сол әжемді көріп мен таңғаламын.
Болжағандай болды ма алда барын.
Қисайды да, өмірден өтіп кетті,
Келініне табыстап қолда барын.
Көрінетін жандай ек есеймейтін.
Қаншалықты ауыр де, десей дертің.
Анам байқұс құрметтеп әжелерді,
Басын иіп әр бірін Шешей дейтін.
Жанға батса түсінем кәрілігің.
Әкемді де айтпаймын, кәрі бүгін.
Өзің Шешей дегендер шапқылап жүр,
Жыладым,
Көңіл айтты бәрі бүгін.
Кім ұғар,
Кім сезінер сезгенімді.
Салайық деді-ау қайғы тезге мұны.
Ойласам жаным жасып жылап қалам,
Соңыңда еріп жүрген кездерімді.





Пікір жазу