15.08.2022
  103


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ұлт ұландарына

Жаңа заман,
Жаңа дүние, ғасырда.
Зәру болып жүргенімде асылға,
Жөні түзу жандарға мен жолықтым,
Ел ішінде бар екен ғой асылдар.
Бір інім жүр, құрмет жасап шапқылап.
Бір бауыр жүр, етегімді қаққылап.
Шат көңілмен шаңыраққа оралдым,
Сол жандарға һақ Тәңірден бақ сұрап.
Керемет-ай,
Пейілдері баладай,
Мені, оны, бөтендерге баламай,
Ағам-ау деп хан көтеріп басына,
Сыйлап жатты, ештеңеге қарамай.
Ықыласы түскен күн боп, Алланың,
Арайланып тұрды менің жан-жағым,
Сыйлы ғұмыр сыйын сыйлап сол күні,
Орындалсын,
Орындалар арманым.
Іні тауып, аға тауып, бауырды,
Жақсы жанды жиып алып, қауымды,
Нағыз ортам осылар деп ой түйдім,
Жандар емес жаба тоқыр жауырды.


Аға деді - ерке інім еркелеп,
Заман мынау, елді сүйер ер керек,
Үйірімнен адасып мен жүріппін,
Неге мені ертпедіңдер ертерек?
Тарих шындық, түбі терең, әріде,
Кездесерміз, жолығармыз әлі де.
Арулардың мейрамында бас қостық,
Көп рахмет айтайыншы бәріңе.





Пікір жазу