15.08.2022
  107


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Анашым-ардағым

Қырмызы қызғалдақтай тағдырым-ай,
Тағдыр гүлі гүлдемес, мәңгі бұлай.
Көктемде, бүрін жарған жауқазындай,
Өмірім қызғалдақтың тағдырындай.
Өмірім қызғалдақтың сабағындай,
Үзілсем, қайта гүлдей аламын ба?
Көктемді күте-күте жер анаға,
Ынтық болып жүрмін бе баяғыдай?
Қызғалдақтан балара, бал алады.
Ал маса,
Өн бойыңнан қан алады.
Жәндікті де адамға теңеп көрші,
Білінеді бағасы арадағы.
Өмір өзен,
Ұлыңды шынықтырған.
Ардақты едің,
Ақылшым, ұлық туған.
Жан гүлдерің анашым біздер едік,
Қызғалдақ боп молаңнан шығып тұрған.
Қызғалдақтай молаңда өсіп тұрған,
Нәр алып өсіп едім, бесік жырдан.
Әуеніңмен тербелдім тал бесікте,
Жел болып тербеуші едің есіп тұрған.
Бар өмірді өрнектеп өлеңімде,
Алланың бұйырғанын көремін де.
Құласам қасқайып мен тұрып кетем,
Ғұмыр дария, сүйеніп өлеңіме.





Пікір жазу