meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.08.2022
  235


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Әке деп жылаған бауырға

(Меделханға)
Бекем ем,
Жаратқан ба төзімді қып?
Таң атты, алайын деп көзімді іліп,
Барлығы біледі ғой,
Ойға баттым,
Өз ойым, өз тірлігім, өзім біліп.
Қимас жанның ояндым зар мұңынан.
Қайда барам,
Алланың жарлығынан.
Ағам еді, әкемнің сүйген ұлы,
Оны ерекше сүйетін барлығынан.
Ояндым мен, сол жанның өксігінен.
Жүрегім қан жылады өкісігінен.
Әкесінен кешірім сұрады ма?
Тірлігін ойлады ма, көп сүрінген?
Әлі ақ атар, арайлап құла таңы,
Әулиетпіз, жалғастырған бір атаны,
Ағама басу айттым, құшақтадым,
Сабырлықты құдай да ұнатады.
Жылады-ау,
Жанға батты жылағаны,
Әкесіз атты бүгін құла таңы.
Әр тал да жаяды ғой жапырағын,
Әр гүл де сәт-сәтімен бүр атады.
Шалынып сүрінеді, құлайды адам.
Тағдыр ма?
Сырт көрсетпе бұлай маған.
Әкесін іздей ме екен жарым көңіл,
Қимайды,
Қимаған соң жылайды адам.





Пікір жазу