15.08.2022
  102


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Таң азаны

Шатыр асты, ұя сап мұса кептер,
Зікір сап әрлі-берлі ұшады еппен.
Ұяда қос балапан қылтияды,
Мен отырмын тағдыры құсада өткен.
Әкем қайтты, күтер жұрт жаназаны,
Ішімді кеулеп жатыр жан азабы.
Дүние жалған екен, тыңдап жаттым,
Жанарға жас келтірді, «Таң азаны».
Таудан соққан самалдай күмбір лебі,
Санамда домбыра күй күмбірледі.
Әкем соққан жаз үйде ойға батып,
Жан азабын бауырға білдірмедім.
Өмір солай,
Кенже ұлым ұғын дедің.
Көңілім алай-дүлей бүгін менің.
Бәйтерегім, көлеңкең қандай еді?!
Иманды бол деп әке күбірледім.





Пікір жазу