15.08.2022
  98


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өліара

Күнді сүйем арайланып атқанда,
Оранғандай мамық жібек мақпалға.
Түнді сүйем көрпе оранса тіршілік,
Ойға батам жұрт ұйқыға жатқанда.
Тағдырым ба, өзгертейін бола ма?
Тағдыр гүлі, кеш пе ерте сола ма.
Қазір халім күн мен түннің арасы,
Қазіргі айым айықтырмас «Өліара».
Күтіп алды сары шапан күз міне,
Түн тұншығып, атпас сірә күн күле.
-Сары күз ғой, қамданыңдар- дейді ме,
Қара түнде жабырқап тұр «Сүмбіле».
Қалғып тұрып кетсең егер, түс жоры,
Тірісінде жүргендейін құшшы оны.
Адам түгіл құсқа бағыт сілтейді,
Қара түнде жарқыраған құс жолы.
Баз күндер де ғайып болып өтер шын.
Тәуекелмен тау қопарып өтерсің.
Әкесінен ерте айырылған жандар көп,
Наз көңілім бұл қайғыны көтерші.





Пікір жазу