15.08.2022
  179


Автор: Сәуле Досжанова

БІЗДІҢ СӘКЕҢ

ҚР Парламенті Мәжілісінің комитет
төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетовке
Парасаттың лебі ескен тұлғасынан,
Отты жанар бөлейді шұғыласына,
Әзілменен сөйлейді төгілдіріп,
Сонша ізгілік сыйып тұр бір басына.
Ұстанымы – ер екі айтпас болар,
Берген серт пен уәдеден қайтпас болар.
Ел дегенде өзегін жұлып берер,
Ер жігіттің ішінде жайтас болар.
Өр мінезі өзіне жарасады,
Ер мінезі – достыққа жол ашады.
Біздің Сәкең ұсыныс айтқан кезде,
Елбасының өзі де санасады.
Сейітсұлтан!
Затындай ғажап аты,
Тұлабойдан жалындап қазақ оты,
Қасиетті Сыр Ана түлеткен көп,
Азаматтың ішінде азаматы.





Пікір жазу