15.08.2022
146

Ер едің ел ішінде жүрген саяқ....
Ер едің ел ішінде жүрген саяқ,
Мен де жат ем өзіңе жол бөтен деп.
Жырыңды оқып, алыстан кеттім аяп,
«Неге осынша бақытсыз болды екен?», – деп.
Неге осынша тағдырың тоқсан тарау,
Рухыңда бар және бір жалғыздық.
Жүрегіңде жазылмас бір дерт бар-ау,
Шипа етіп жүрсің бе оған жыр-жалбызды.
Ұлт десе шыбын жанды аямаған,
Ұл едің арманы асқақ, мұраты асыл.
Арманды еркін қанат жая алмаған,
Жырыңа қосып мені жылатасың.