15.08.2022
  95


Автор: Сәуле Досжанова

Тіршіліктен шаршадың ба, талдың ба?

Тіршіліктен шаршадың ба, талдың ба?
Қар түнек көрінді ме алдыңда?
Есең кетіп, есеңгіреп жүргенде
Тағдырыңа жарық сәуле болдым ба?!
Тұңғиықтан сені тартып алдым ба?
Жапан түзде қалғаныңды көрді ме,
Тасқа жазған арманыңды көрді ме,
Алатаудың ерке елігі кездесіп,
Арыстандай болған саған ерді де,
Алла солай тілеуіңді берді ме.
Жүрегіңе жыр құсы боп қондым ба,
Шаршағанда жанға қуат болдым ба,
Тірліктегі таластарды ұмытып,
Шаттығымнан шалқар шабыт алдың ба?
Қылшылдаған жігіттей боп қалдың ба.





Пікір жазу