15.08.2022
132
Сұрасаң сырдың дерегін...
Сұрасаң сырдың дерегін,
Сен ғана едің керегім.
Тірлікте алыс жүргенмен,
Түсімде күнде көремін.
Жүректе ғажап өлеңің,
Басыңда әппақ желегің,
Бақыттан ұшып аспанда,
Жаныңда сенің келемін.
Мөлдіреп қара көздерің,
Елжіреп қарар сезгенім.
Алғысымды айтып жүремін,
Осынау сәтті кезге мың.
Күннен де нұрлы, жарықсың,
Шуағыңа орап алыпсың.
Мен саған кеттім айналып,
Сен де мен болып қалыпсың.
Жүрек те кетсін қосылып,
Сезімдер нұрдай шашылып.
Көзі бар жандар көріп тұр,
Қайтемін оны жасырып.