15.08.2022
  134


Автор: Сәуле Досжанова

Келеді көктем, толқиды тағы қыр гүлі

Келеді көктем,
толқиды тағы қыр гүлі,
Жанымды менің тербетер сәулем жыр мұңы.
Салқындығыңды сезетін болса жүрегім,
Жоқ болып кетем бір күні....
Жоқ болып кетем,
от болып құлап жұлдыздай,
Өлген сезімді жерлеймін, қайта тұрғызбай.
Сақтасын деймін, қырсықтан сол бір қоятын
Артыма мойын бұрғызбай.
Сақтасын Алла,
біздерді қалқам, сақтасын,
Қасірет таңы халқыма менің атпасын.
Сені іздеп келем, сырым көп мөлдір Аяулым,
Өзіңе айтам тапқасын





Пікір жазу