15.08.2022
115
Мен сүйген ару, қазақтың ғажап бір қызы...
Мен сүйген ару, қазақтың ғажап бір қызы,
Жарқырай берсін аспанда жанып жұлдызың.
Аруы едің Алматы менен Ақтамның,
Шақырды жолға жүректі аңсап жатқан мұң.
Ақпанда соққан ақ борандарда аттандым,
Сен жақтан жеткен жылуыменен хаттардың.
Елесі сүйеу өзіңмен болған шақтардың,
Ақ ұлпа қардай пәк болып қалай сақталдың.
Ұмыта алмай сонау жылдардың елесін,
Әр көктем сайын сағыныш болып келесің.
Арайлы жүзі дүниеге шуақ шашатын,
Бетінде жердің ару жоқ сенен асатын.