15.08.2022
  146


Автор: Сәуле Досжанова

Шын сүйдім сені, Аяулым менің ақылдым...

Шын сүйдім сені,
Аяулым менің ақылдым,
Кеудемде ешбір айықпайтұғын жатыр мұң.
Қаңтарда қалған көңілді мынау жібітіп,
Көктемге қарай шақырдың.
Жұлдыздар аққан қара түндерде күрсінген,
Қара көзіңе мейірім менен нұр сіңген.
Алматы жақтың аруы елін сүйетін,
Шақырып мені жүрсің сен.
Аяулым менің, менің шуақ пен нұрдан жаралған,
Кеудемнен менің кетті ғой самғап сан арман.
Сөзің мен ісің жатты ғой жетіп халыққа,
Жақсылық болып таралған.
Ғашығым едің, жаралған нұрдан, сабырдан,
Естимін бір үн сонау бір мұңлы қабырдан.
Жарығым едің, аман жүр бес күн тірлікте,
Жоғалтып алып, табылған.





Пікір жазу