15.08.2022
  166


Автор: Сәуле Досжанова

Сенің бейнең асыл нұрдан жаралған...

Сенің бейнең асыл нұрдан жаралған,
Көрсем болы, әлдилейді сан арман.
Жанарыңнан мейірім, шуақ төгіліп,
Шартарапқа махаббатпен таралған.
Ал, келбетің жаңа жауған қардайын,
Мені алысқа жетелейді әрдайым.
Солай жаным тебірентіп жүре бер,
Атып келе жатқан әппақ таңдайын.
Бал сөздерің ақ маржандай төгілген,
Сен Шолпансың туған жаңа көгімнен.
Жалғызымдай есіме алам сағынып,
Бір кем көрмей сені Рәбия бегімнен.
Ғашық болып саған бала кезімнен,
Сені іздеумен ет-жүрегім езілген.
Сені ойлаумен әрбір күнді қарсы алып,
Сені ойлаумен Аяулым-ау, көз ілгем.





Пікір жазу