15.08.2022
131
Шексіз сүйдім мен өзіңді ардақтым...
Шексіз сүйдім мен өзіңді ардақтым,
Арамызда өтті жылдар жалғап мұң.
Қасіретін арқалап ап Жер-көктің,
Армандармен тербетіліп мен кеттім.
Ақша бұлтпен араласып сен кеттің,
Бұл жалғанда сендей ару көрмеппін.
Елжіредім, ессіз аңсап, құштым мен,
Алуан жылдар өтіп жатты үстімнен,
Белгісіз бір қызық күйге түстім мен,
Байлап алып қос қанатын құстың мен.
Парасаты көркіне сай ерекшем,
Саған қарай түсімде де ұштым мен.
Тұлабойы жаратылған намыстан,
Саған қарай...
Қиялымда табысқан,
Ешкімде жоқ махаббатты ап ұшқам.
Мұңлы уіл тыңдап өстім қамыстан,
Қуат берді махаббаттың жыршысы,
Бір тірегім қайран Абай данышпан...