15.08.2022
  124


Автор: Сәуле Досжанова

Енді білдім, дүниеде Сен екенсің бір кемім...

Енді білдім, дүниеде Сен екенсің бір кемім,
Сені көрмей, сені білмей қалай өмір сүргемін.
Жарым етіп, жаныма ертіп жүретіндей еркем ең,
Қолым жетпей ішті өртейді бөлектігі іргенің.
Енді білдім, өмір бойы іздегенім Сен едің,
Елесіңді жасап алып, періштеме теңедім.
Пенделердің ортасында елеусіздеу жүргенмен,
Қисса-жырда айтылатын қай арудан кем едің?!
Өткенің мен кеткеніңді есіме де алмаймын,
Ертеңімді сенің нәзік жүрегіңе жалғаймын.
Жер бетінде Сені бар деп ойлағанда мен сүйген,
Армандарым шарықтайды, өзім құстай самғаймын.
Өмір бойы сағынышпен іздеп келем расында,
Сағыныштың ізі жатыр менің әр тал шашымда.
Түні бойы құлазыдым, өзіңді ойлап Аяулым,
Енді сездім бұл жалғанда мәңгі жоқсың қасымда...





Пікір жазу