15.08.2022
  116


Автор: Сәуле Досжанова

Анадан артық туған асылымсың...

Анадан артық туған асылымсың,
Жүректі баурап алған ғашығымсың.
Құдай-ау, өзіңе де айта алмаймын,
Адам түгіл Ай, Күннен жасырынсың.
Өзегім өртенеді сағыныштан,
Бозбала күйге түстім алып-ұшқан.
Түн бойы өзіңді ойлап отырамын,
Алысып сезімдермен сабылысқан.
Нұр бейнең көз алдымнан бір кетпейді,
Теңеуге сезімімді тіл жетпейді.
Сыртымнан айта берсін дос-дұшпаным,
Қияли болып мені жүр деп мейлі.
Өзіңмен өміріме таң күліп кеп,
Санада сапырылысқан жаңғырық көп.
Осынау бақытыма сенші жаным,
Сезімім саған деген мәңгілік деп.





Пікір жазу