15.08.2022
  112


Автор: Сәуле Досжанова

Өзімді-өзім мұңлық жандай сезінгем...

Өзімді-өзім мұңлық жандай сезінгем,
Жалғыздықтың қасіретімен езілгем.
Туған жердің қызыл гүлін ұсынып,
Сені сүйгем сонау бала кезімнен.
Көңілімнің қайта гүлдеп қырлары,
Жанарымның қайта оянды нұрлары.
Төрт құбылам түгенделіп өзіңмен,
Жүрек тулап, баяғыдай жырлады.
Өзіңе де, сөзіңе де тамсанып,
Қуанышпен әрбір таңды қарсы алып.
Жасыра алмай жан сырымды қаламын,
Дүниеге өлеңіммен жар салып.
Жүргеніммен мына өмірде бес күнгі,
Жүрегімде өкінішті үн естілді.
Бала кезден қол жетпеген арман ең,
Дәл өзіңдей сүйе алмаспын ешкімді...





Пікір жазу